Ол америкалықтарды алдағы уақытта қырағылық танытуға шақырды
Америка басшылығынан кетіп бара жатқан Джо Байден президент ретінде халқына соңғы рет сөз арнады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасай отырып.
«Бүгінде Америкада біздің демократиямызға, құқықтарымыз бен бостандығымызға қауіп төндіретін билік пен шексіз байлықты қол астына топтастырған олигархия қалыптасып келеді», - деді ол.
Ол сонымен қатар, климаттың өзгерісінен, әлеуметтік желілердегі жалған ақпараттың көбеюінен келетін қауіптен сақтануға шақырды.
Ақ үйдегі кабинетінде Байден өзінің командасын бір президенттіктік мерзімде атқарған жұмыстары үшін мақтады. Ол жұмыс орындарының ашылғанын, денсаулық саласы мен инфроқұрылымның жақсара түскенін және пандемия кезінен аман-есен өтіп, АҚШ-ты қауіпсіздігі жоғары мемлекеттің біріне айналғанын атап өтті. Байден әкімшілігінің атқарған қызметі алдағы ондаған жылдар бойы жемісін беретінін айтты.
Джо Байден президенттікке келген Дональд Трампқа сәттілік тіледі. Ол климат өзгерісі мен жалған ақпарат туралы сөзінде «күштілердің» өз мүдделері үшін билікті пайдаланатынын ескерткен.