Ол деректерді Қазақстанға Бразилияның мамандары ұсынған
Қазақстан тарапы Бразилия ашып берген қара жәшіктегі мәліметтерді зерттеп жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттарына сәйкес барлық фактілер мен материалдарды егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін алдын-ала есеп жариялайды, онда анықталған нақты ақпарат пен тергеу барысы туралы ақпарат беріледі. Қазақстанға жеткен мәліметтерді мамандар зерттеп жатыр», - деп хабарлады көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін жазғанымыздай, Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың қара жәшіктері Бразилия талдап, нәтижелерін Қазақстанға жіберген болатын.