Оқиға қымбат қонақ үйде болған
Батумиде «Грузия үшін» партиясының жетекшісі Георгий Гахарияны белгісіз топ ұрып-соққан. Оқиға «Sheraton» қонақ үйінде болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті агенттікке сілтеме жасай отырып.
Партия өкілдерінің сөзінше, Гахарияны бірнеше адам жабыла ұрып, мұрнын сындырған. Ол дереу ауруханаға барған. Дәрігерлер саясаткердің мұрын сүйектері сынып, миы шайқалғанын айтқан. Алғашқы көмектен кейін Георгий Гахария ауруханадан кетіп қалды.
Полиция болған оқиғаға байланысты тергеу шараларын бастаған.