Оның сөзін көпшілік қолдаған
Әнші Жазира Байырбекова ер адамдардың болмысына қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Күйеуі еңбекқор, табысты, абыройлы, жетістікке жетіп жатқан келіншектер күйеуінің осындай дәрежеге жеткені оның мықты, ақылды болғанынан, яғни «күйеуімді осы дәрежеге мен жеткіздім» деп жатады. Бір қызығы жетістікке жетіп, өсіп жатқан жігіттер әйелінің осы ойына сенеді, мойындайды, әйелін құрметтейді. Ал өзгергісі, дамығысы, өскісі келмейтін, жалқау, қырсық, кертартпа жігіттерді өзгерту әйелдің қолынан келе ме, қалай ойлайсыздар? Ер адамның табысты, мейірімді, отбасына қамқор болуы үйленгенге дейінгі болмысы сияқты менің ойымша...», - деп жазды әнші.
Әншінің оқырмандары оның ойын қолдап, пікірлер қалдырған.
«Еркекте ниет болмайынша, шашынан сүйреп жоғары тартсаң да, ештеңе шықпайды. Жақсы әйелдің еркегімді төрге сүйреймін деген ниетімен еркектің ниеті сәйкес келуі керек», «қырсық, кертартпа адамды өзгерту мүмкін емес екен», «терең ойлы ер азамат тек өзінің ақылына сенеді», «еркек болсын, әйел болсын өзінің санасы болмай ештеңе өзгермес», «Жазирамен келісемін, санасы болмаса еркекті өзгерту мүмкін емес», - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.