Ол үшін адамның да энергетикасы мықты болуы керек дейді ол
Үйдегі жағымды, жағымсыз энергияны анықтайтын практик маман Ақерке Ырзабекқызы қандай жерлерден үй алмау керегін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жаман энергиясы бар жерлерден үй таңдамаңыз. Үй таңдағанда оның орналасқан жері мен айналасындағы энергияның тазалығына ерекше мән беру маңызды. Фэншуйда үйлесімділікке кері әсер ететін жаман энергияға толы жерлер бар. Мұндай жерлерде үй сатып алуға немесе салуға болмайды», - деді ол.
Бұл жерлерде ауыр энергия шоғырланғандықтан, үйдің тұрғындары жиі шаршау, денсаулық мәселелерін сезінуі мүмкін.
Электромагниттік толқындар адамдардың физикалық және психикалық денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Үйдің алдына тура бағытталған көше немесе қиылыс Ша энергиясын тудырады, бұл бақытсыздық пен тұрақсыздық әкелуі мүмкін.
Мұндай орындар тек экологияға емес, үйдің энергетикалық тепе-теңдігіне де зиян келтіреді.
Үйдің ортасы бос болса немесе баспалдақ, дәретхана орналасса, бұл үйлерде үйлесімді энергия болмайды.
«Фэншуй бойынша үй таңдаған кезде, ең бастысы – үйдің айналасындағы энергияның үйлесімді, тыныш және тепе-теңдік жағдайында болуы. Егер сіздің мешіт маңындағы үйіңіз осы қасиеттерге сәйкес келсе, ол сіз үшін жайлы болуы мүмкін. Мешітте қуатты рухани энергия жинақталады. Бұл энергия барлығына бірдей қолайлы болмауы мүмкін, әсіресе, егер адамның жеке энергетикасы әлсіз болса», -дейді Ақерке Ырзабекқызы.