Президент ретіндегі соңғы сапарынан бас тартты – Байден Голливудтағы өртке байланысты елде қалды

Автор: Темірхан Айжан

Қазірге дейін 137 мың адам эвакуацияланды 

Фото: Elizabeth Frantz / Reuetrs

АҚШ президенті Джо Байден Лос-Анджелестегі орман өртіне байланысты Италияға сапарынан бас тарты. Бұл оның мемлекет басшысы ретіндегі соңғы сапары еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

Байден Лос-Анджелеске келіп, полиция және өрт сөндірушілермен кездескен.

«АҚШ үкіметі қолдан келгенінің бәрін істейді. Бірақ бұл оңай болмайды», - деді ол. Байден зардап шеккен аудандарға федералды көмек көрсетуді тапсырған.

Ауа - райын болжау қызметі «AccuWeather» мәліметінше, Калифорнияға орман өртінен шамамен $52- $57 млрд шығын келді. Алдағы уақытта бұл өсе түсуі мүмкін. Қазіргі күні өрттен 5 адам қаза тапты, 137 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді, АҚШ-тағы ең қымбат деген ғимараттар өртеніп кетті.

Тегтер: