4 адам қар құрсауында қалған
Ақмола обыстық құқару қызметіне Жақсы ауданының Терісақан ауылының ауданында балық аулауға кеткен 4 адамның бір тәуліктен бері байланысқа шықпай жатқаны туралы хабарлама түскен. Мамандар бірден оларды іздеуге кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іздестіру жұмыстарына ТЖМ, полиция және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.
«Қалың қар құтқару шараларын қиындатты. Арнайы техника – К700 тракторының көмегімен балықшыларға жол ашуға тура келді. Оқиға орнына келгеннен кейін көлік ішінара мұз астына құлағаны анықталды. Көлік қар құрсауынан шығарылып, эвакуациялау қажет болмады. Құтқарылғандар одан әрі тазартылған учаскеде өз жолын жалғастырды», - делінген Ақмола облыстық ТДЖ таратқан хабарламада.
Балықшылар құтқарушыларға алғыс білдірді.