Үйде туған балалардың көбі дем жетпей қайтыс болған -  Жетісу облысындағы сәби өлімі туралы деректер

Автор: Темірхан Айжан

Салыстырмалы түрде 2024 жылы сәби өлімі азайғаны байқалады

Фото: istockphoto.com

Жетісу облысында 9 бала дем жетпей шетінеп кеткен, олардың алтауы үйде дүниеге келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2023 жылы 1 жасқа дейінгі 111 сәби қайтыс болған. Оның ішінде 50 бала облыстық перинаталдық орталықта, 28 сәби орталық аудандық ауруханаларда, 10 сәби көпсалалы облыстық балалар ауруханасында, 3 нәресте жұқпалы аурулар ауруханасында, 11 бала облыстан тыс басқа да анықталмаған медициналық ұйымдарда, 9 сәби үйде қайтыс болған. Үйдегі өлім көбіне балаға дем жетпей қалудан болған.

Салыстырмалы түрде кейінгі жылы сәби өлімі төмендегенін байқауға болады.

«2024 жылғы он айда бір жасқа дейінгі 73 сәби өлімі тіркелді. Өлім-жітімнің негізгі себептері ретінде тыныс ауруларын, өкпенің қабынуын, инфекциялық ауруларды, туа біткен ақаулар мен жазатайым жағдайдан улануды, қан ауруларын, сепсис ауруларын айта аламыз», - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасынан.

Сонымен бірге, 2023 жылы 1 - 5 жасқа дейін 36 бала қайтыс болса, 2024 жылғы 10 айда 31 бала өлімі тіркелген.

Өңірде 2024 жылдың он айында 25-35 жас аралығындағы 4 ана өлімі тіркелген, оған Будда Чиари аурулары, акушерлік қан кету және апат жағдайы себеп болған, Ал 2023 жылдың қорытындысы ана өлімінің 3 жағдайы тіркелген.