Астанада жарнамаға түсіп жатқан қызды сұр жылан шағып алды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Оқиға қараша айында болған

Фото: скриншот

Астанада Жаңа жыл қарсаңында өткен түсірілім кезінде модель қызды жылан шағып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға туралы хабарлаған Mash телеграмм-арнасының мәліметіне сүйенсек, Астанадағы мекемелердің бірі 2025 жылдың символы ретінде шығыс киімін киген қыз бен жыланның жарнамасын түсіргісі келген. Моделге жылан шақпайды деп уәде берген көрінеді.

«Алайда, сұр жылан қыздың мұрнын шағып алды. Абырой болғанда, бойжеткен аман», - деп жазады телеграмм-арна.

Бұған дейін біз жылан жылына арналған болжам жазған едік.