Ақтауда көшедегі орындықтан ер адамның мәйіті табылды

Автор: Мақсат Әсел

Өлім себебі анықталған жоқ

Фото: istockphoto.com

Ақтауда 26 шағын ауданындағы 13-ші үйдің жанында орнатылған орындықтардың бірінде жатқан адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем қызметінің баспасөз орталығы 40 жастағы жігіттің денесі табылғанын растады.

«Қоңырау сағат 13:46-да келді. Жедел жәрдем бригадасы келгеннен кейін 1985 жылы туған ер адамның мәйіті табылды. Өлімнің себебі әлі анықталған жоқ, мәйіт одан әрі тергеу үшін полиция қызметкерлеріне берілді», - деп хабарлады медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Тегтер: