Ұйымдасқан қылмыстық топ бюджеттің 1 миллиард 800 миллионын жымқырған

Автор: Azattyq Rýhy

Олар жылмысқы әрекеттерін 7 жыл бойы жалғастырыпты

Нұр-Сұлтан қаласында коммуналдық кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлері ұйымдасып қылмыстық топ құрған. Келтірген шығындары да орасан, деп  хабарлайды КТК телеарнасы.
Экономикалық тергеу департаменті ел астанасындағы коммуналдық кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жайлы мәліметті жария етті.

«Қазына» жедел алдын алу шарасының аясында ұйымдасқан қылмыстық топтың 1 миллиард 800 миллион теңгені жымқырғаны әшкереленген. Ал жылмысқы әрекеттерін 7 жыл бойы жалғастырыпты. Яғни 2012-2019 жылдар аралығында бюджет қаржысын талан-таражға салған. Жымқырған қаржыны заң бойынша рәсімдеп, айналымға жіберіп үлгерген екен. Бірақ қалған деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша жарияланбайтын болып отыр», -дейді арна.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің  «Аса ірі көлемде қаржы жымқыру», «Қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру», сондай-ақ «Қылмыстық топ құру және басқару» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.