20 жастағы жігіттің қолы абайсызда пластик бұйымарды үгітетін станокқа кіріп кеткен
Маңғыстау облысында қатты қалдықтарды қайта өңдейтін полигонда орналасқан цех жұмысшысы қолынан айрылып қала жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Мұнайлы ауданында тіркелді. 20 жастағы жігіттің қолы абайсызда пластик бұйымарды үгітетін станокқа кіріп кеткен.
Құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен станокты бөлшектеп, жәбірленушінің қолын босатты. Жедел жәрдем қызметі ер адамды ауруханаға жетізді.