40 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды
Солтүстік Қазақстан облысында 40 жастағы жұмысшыны бұқа сүзіп өлтірді. Қайғылы оқиға Тайынша ауданында асыл тұқымды мал өсіретін ірі шаруашылықтардың бірінде тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ауыр жарақат алған жұмысшы бірден Тайынша аудандық көпбейінді ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер науқасты жансақтау бөліміне жатқызып, тиісті медициналық көмек көрсетті. Алайда ер адам ауыр жарақат салдарынан көз жұмды.
Полиция адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізілуде.