Ол 10 күн бұрын қамауға алынған еді
Азамат Сәрсенбаев үйіне оралғанын өзінің инстаграм парақшасында хабарады. Ол уақытша ұстау изоляторында 10 күн болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy .
25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы құлап, 38 адам қаза тапты. Әуе кемесі Бакуден Грозныйға бармақ болған. Азамат Сәрсенбаев құқық қорғау органдары өкілдерінің бұйрығына бағынбағаны үшін айыпталды.