Тінту кезінде 24 түйіншек тәркіленді
Қала шетінде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері күдікті ұстады. Жеке тінту кезінде одан ұнтақ салынған 24 түйіншек тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сараптама тәркіленген заттың «мефедрон» екенін көрсетті. Онымен қоса, күдікті есірткі жасырылған бірнеше жерді көрсеткен. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған күні 21 жасқа толған жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.