Мереке күндері Қазақстанда пиротехникадан 63 адам жарақат алды

Автор: Мақсат Әсел

12 адам ауруханаға жатқызылды

Фото: istockphoto.com

Жаңа жылдық мереке күндері пиротехника пайдаланған 63 адам түрлі жарақат алды. Жапа шегушілерің 20-сы бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қаласында 19, Жамбыл облысында 11, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында 6 адамнан, Ақтөбе облысында 2, Ақмола, Қызылорда, Атырау мен Шығыс Қазақстан, Алматы және Абай облыстарының әрқайсысында бір адамнан дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше түрлі деңгейдегі жарақат алған 12 адам ауруханаға жатқызылған.