Қайғылы оқиғаға қатысты тергу басталды
Қызылорда-Павлодар бағытындағы тас жолда екі автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарыран үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy .
Аталған дерек бойынша алдын ала тергеу басталды. Оқиға орнында барлық жағдайлар мен себептерді анықтайтын тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.
«Ұлытау облысының полиция департаменті барлық жол қозғалысы қатысушыларына ережелерді қатаң сақтаудың қажеттілігін ескертеді. Өз өміріңізді және айналаңыздағы адамдардың өмірін сақтаңыз», - делінген тәртіп сақшылары таратқан хабарламада.