Әуе бортында 100-ге жуық жолаушы болған
Dispatch News Desk (DND) басылымының хабарлауынша, Карачи қаласы жақын жерде Pakistan International Airlines компаниясына тиесілі Airbus 320 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған. Әуе кемесі әуежай маңындағы тұрғын үйлердің үстіне құлап, бірнеше үйді зақымдаған.
Пәкістанның Лахор қаласынан Синд провинциясының орталығы Карачиге қарай бағыт алған ұшақта 99 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған. Ұшақ Джинна халықаралық әуежайына жетпей апатқа ұшыраған. Болжам бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін.