$ 527.3  544.86  4.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Qazaq Umma компаниясы ақшамызды қайтармай отыр»: Умраға аттанғандардың далада қалғаны туралы видео тарады

Желіде компанияның әрекетіне қатысты видео тарап жатыр

«Qazaq Umma компаниясы ақшамызды қайтармай отыр»: Умраға аттанғандардың далада қалғаны туралы видео тарады
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Әлеуметтік желіде кіші қажылыққа аттанған бір топ қазақстандықтың далада қалғаны туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео авторларының айтуынша, Qazaq Umma туристік компаниясы бір топ қазақстандықты Умра қажылығын өтеуі үшін Сауд Арабиясының Мекке мен Медина қалаларына жіберіп, далада қалдырған. Тіпті, берген ақшаларын да қайтармай отырған көрінеді.

«Мұндай жағдайларға араласқым-ақ келмейтін еді. Бірақ бұл жерде көзді жұмып өтіп кету мүмкін емес. Qazaq Umma компаниясы бәріне ақшасын қайтарады деп үміттенемін. Мысалы, құрбымның анасынан ақша алып, Умраға жібермей қойған, ақшасын да қайтармай отыр. Одан бөлек қаншама адам Умра қажылығын тып-тыныш өткізудің орнына күйзеліспен орындауға мәжбүр болды. Сабыр сақтап, сынақты лайықты түрде қарсы алу керек деп айта салуға да болады. Бірақ компания ең алдымен мойнына алған жауапкершілігін, берген уәдесін толығымен орындауы керек. Осыдан кейін ешқандай қиындық болмайды», - дейді Aliiwaa лақап атымен танымал блогер Алина Балтабаева.

Qazaq Umma компаниясы Instagram желісіндегі ресми парақшасында желі қолданушылары ашулы пікір қалдырып жатыр.

«Оңбағандар, қалай қорқпайсындар адамдарды алдауға?», «Бұл компаниядан тур сатып алмаңыздар. Олар адамдарды лақтырып кетеді», «Онбағандар, сенбеңіздер бұларға. Сенімсіз, лақтыратын компания. Таныстарымды солай далада қалдырды», «Офисіне бардық әрқайсысы әртүрлі әңгіме айтады, бір біріне сілтеп, нақты шеше алатын адамы жоқ, ақшаның бәрін жеп қойған-ау, қаншама адам ұзақтан келді. Орал, Петропавл, кеше аэропортта отырдық, күтіп отыра беріңіздер ұшырамыз деді, әлі жоқ, сөйтсек алдаған екен», «Неге алдайсыздар? Адамдарға ақшасын қайтарыңыздар», - деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары