Ұшқын тереза арқылы пәтерге түскен
Ақтау қаласындаотшашудан шыққан ұшқыннан пәтерде өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төмен атылған ұшқын терезе арқылы пәтерге түскен. Сол сәте түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Келеңсіз оқиға кеше кешкі уақытта болған. Оқиғаға қатысты облыстық ТЖД пікір білдірді.
«Оқиға қаланың 7-ші шағын ауданында, түнгі сағат 23:37 шамасында болды. Отшашудың соңы өртке ұласқан жоқ. ТЖД күштері мен құралдары тұрақты орналасу орнына қайтарылды», - делінген ТЖД хабарламасында.