Оның неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз
19 мамыр күнйі үйінен шығып қайта оралмаған Ілияс Егізбаевтың мәйіті табылды деп хабарлады Tengrinews.kz. Жас жігіттің өлімін оның әпкесі Әсел Егізбаева растаған.
Марқұмның нақты неден қайтыс болғаны әзірге айтылған жоқ.
«Ілиясты іздеуге атсалысқан адамдардың бәріне Егізбаевтар әулетінің атынан алғыс айтамын. Ол өте ақкөңіл адам еді, биолог болуды армандады, тарихты, саясат туралы оқуды жақсы көретін», - деді Әсел тілшілерге берген жауабында.
Полицейлердің айтуынша, Ілиястың мәйіті 21 мамыр күні таулы аймақтан табылған. Қазір оның мәйітіне сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.
Ілися Егізбаев 19 мамыр күні сағат 15:00 шамасында үйінен шығып, қайта оралмаған. Туғандарына «серуендеп келемін» деп айтып кеткен көрінеді. Нақты қайда баратынын айтпаған.