Олар 150 мың теңге пара алған
Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектебінің Алматы қаласындағы филиалы директорының орынбасары мен қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді басталды, деп хабарлайды Azattyq ruhy.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, күдіктілер алдап арбау арқылы ол 150 мың теңгені заңсыз иемденіп алған. Ал бұл ақшаға мектептегі әскери қызметтен босатуға уәде еткен»,- деп мәлімдеді агенттік өкілдері.
Сондай-ақ директор орынбасары әскери қызметтен өтпеуге көмектесемін деп тағы бір адамнан алаяқтық жолмен 150 мың теңге алған. Күдіктілер ауызбастырықты танымал мобильді қосымшасы арқылы алған. Тергеу жалғасуда.