Бүгін бұл елде қаралы күн жарияланған
Әзербайжанның ақпарат агенттіктері Ақтау түбіндегі ұшақ апатынан қаза тапқан жастардың суретін жариялап, олардың кім болғанын жазып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аpa.az ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында бір үйдің адамдары болған: 22 жастағы Әли Алимирзоев пен оның 19 жастағы қарындасы Хадиджа Алимирзоева қатар көз жұмды.
Сонымен қатар, апаттан 20 жастағы Махмұд Тутунчиевтің өмірі қиылды. Ол Балакен ауданында туған, бірақ отбасымен Әзербайжанның Сумгайыт қаласында тұрған. Өзі Бакудің жекеменшік университетінде оқыған.