Оның жетеуі тұрақты рейспен, бесеуі ТЖМ ұшағымен ұшады
Ақтау маңындағы ұшақ апатынан тірі қалған Әзербайжан 12 азаматыы бүгін еліне алып кетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Media.az хабарлағандай, «Баку-Грозный» бағытындағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған AZAL ұшағынан аман қалған 12 жолаушы бүгін Әзербайжанға ұшады.
Жағдайы жақсы 7 адам тұрақты рейспен, ал жай-күйі орташа ауыр деп бағаланатын 5 жолаушы арнайы медициналық бригаданың сүйемелдеуімен төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы ұшағымен ұшпақ.