Құлаған ұшақты осы компания құрастырып шығарған
Ақтау маңындағы Әзербайжан ұшағының апатына байланысты Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомствоның көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері қазір оқиға орнында. Тергеп-тексерудің оқиға орнындағы кезеңі аясында жұмыстар жүріп жатыр.
«Қазақстанға Әзербайжанның азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің делегациясы, сондай-ақ Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының өкілдері келді. Жұмыстар Әзербайжанның авиациялық билігімен бірлесе жүріп жатыр», - деп хабарлайды көлік министрлігінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Қазақстанға Embraer әуе кемесін өндіруші компанияның өкілдері және CENIPA (авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы, Бразилия) ұшып келеді.
Ақтау қаласына премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия құрамында көлік министрі Марат Қарабаев, көлік вице-министрі Талғат Ластаев, көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, Азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Нұржан Ахметов келді.
Айта кетсек, 25 желтоқсан күні Бакуден Грозныйға бет алған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақ Ақтау маңында құлап түсті. Бортта 42 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған. Барлығы 38 адам қаза тапты. Бүгін, яғни 26 желтоқсан Әзербайжанда Аза тұту күні.