Ұшақ апатынан қаза тапқандар арасында бір бала болған

Автор: Нұргүл Абай

Туған жылы әзірге белгісіз

Фото: ТЖМ

Ақтау түбінде құлаған ұшақта қаза тапқандар арасында бір бала болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Ақтауда өткен брифингте үкіметтік комиссияның мүшелері айтты.

Қаза тапқан бір баланың туған жылы нақтыланып жатыр.

Апат салдарынан 38 адам көз жұмды, 29 адам аман қалған. Өкінішке қарай, тірі қалғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.