Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты комиссияны Бозымбаев басқаратын болды

Автор: Бақыт Шынар

Бұндай тапсырманы президент берген

Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты мемлекеттік комиссия құрылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz арнасына сілтеме жасай отырып. 

Оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев сондай-ақ Астанадан Ақтауға дәрігерлер жіберу керек деген тапсырма берген.