Жолаушылардың санына қатысты нақты әрі ресми ақпарат әлі шыққан жоқ
Қазақстанның көлік министрлігі хабарлағандай, Ақтау маңында құлаған ұшақтың ішінде 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұған дейін шетелдік басылымдар жолаушылардың саны 105 адамға жуықтайды деген ақпарат берген. Қазір редакция жолаушылардың нақты санына қатысты Әзербайжанның дереккөздерінен ақпарат сұратып жатыр.