Абайсызда құлап, көзіне пышақ қадалған - Петропавлда 3 жасар баланың жағдайы ауыр

Автор: Темірхан Айжан

Дәрігерлердің айтуынша, баланың басы мен миына ауыр зардап келген

Фото: freepick

Петропавлда 3 жасар бала үстелден құлап, көзіне пышақ қадалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

7152.kz паблигінің жазуынша, анасы пышақты өзі жұлып алғаннан кейін бала есінен тана бастаған.

19 желтоқсанда Петропавлдағы көпсалалы облыстық балалар ауруханасына сағат түскі 14.05 кезінде 2021 жылы 10 қазанда туған бала өте ауыр халде келіп түскен. Оның сол жақ көзі жараланған, ес-түссіз жатқан. Бала жансақтау бөліміне жатқызылды.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың басы мен миына ауыр зардап келген. Қазір сәби өлім мен өмірдің арасында жатыр.