Қарағанды-Астана бағытында 700 жүзден астам көлік полицияның сүйемелімен Ақмола облысына жетті

Автор: Дулат Асель

Қарағанды облысында ауа райы күрт нашарлады

Фото: © istockphoto.com

Қарағанды облысында жауын-шашын мен қолайсыз ауа райы салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар жолдар уақытша жабылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті полиция қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс аумағында 1 мыңнан астам көлік қар құрсауында қалып қойды. Оның ішінде Қарағанды-Астана бағытында 700-ден астам көлік жиналған.

«Полиция қызметкерлері көлік кептелісінде қалған азаматтарға көмектесіп, Қарағанды-Астана бағытында 700 көлікті қауіпсіз түрде Ақмола облысы аумағына жеткізді. Сонымен қатар, Ақмола облысынан Қарағанды бағытына 1 мың көлікке қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар кезінде тәртіп сақшылары тұрғындарды сақтық шараларын сақтап, жолға тек ауа райының жақсаруы мен жағдайдың тұрақталуынан кейін шығуға шақырады.