Абырой болғанда, оны екі полицей тауып алып, құтқарған
Павлодар облысы Атамекен ауылының маңын патрульдеу кезінде Асет Темірғалы мен Алдияр Сағадатов атты тәртіп сақшылар жол бойында жатқан әйелді көріп, көмекке ұмтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар дереу көмекке жүгіріп, әйелде инсульт белгілері бар екенін байқаған екен. Оның тілі күрмеліп, қозғалысы қиындап жатқан.
Полицейлер тез арада жедел жәрдем шақырып, медицина қызметкерлері келгенге дейін әйелдің жанында болған. Дәрігерлер диагнозды растады және полицейлердің шұғыл әрекетінің арқасында науқасты өлімнен арашалап қалған.