Түркістан облысында эпилепсиямен ауыратын адам абайсызда пойыз астына түсіп кеткен

Автор: Темірхан Айжан

Оқиға 12 желтоқсанда болған

Фото: gov.kz

Түркістан облысында ер адам пойыздың астына түсіп, екі аяғынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Манкент станциясының Арыс-Түлкібас учаскесінде таңғы сағат 10:32-де ер адам өтуге болмайтын жерден өтпек болып, пойыздың астына түскен. Оны дереу Ақсукент ауылының ауруханасына жеткізіп, медициналық көмек көрсеткен», - делінген «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі берген түсініктемеде.

Ресми ақпаратқа сәйкес, ер адам эпилепсиямен ауыратын болып шықты. Ол пойыздың астына абайсызда түсіп қалған.