Ол ата-ана міндетін орындамаған
Рудный қаласындағы аялдамалардың бірінен 4 жастағы бала табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Баланың айтуынша, ол Степногорск қаласында тұрады. Оның дорбасынан анасына тиесілі болуы мүмкін адамның аты-жөні мен ЖСН-ы бар жазба табылды.
Полиция табылған баланың анасын іздеп тапты. Баланың анасы жауапкершілікке тартылмақ.
«Ол кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылады», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.
Қазір бала қауіпсіз жерде, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.