Экс-судья екі айға қамалған еді
Бұрын Алматы сотында жұмыс істеген судья Светлана Жолманова тергеуде жатса да ұялы телефон тауып, үндеу жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Айта кетейік, судья Светлана Жолмановаға қатысты іс 2021 жылы басталған. Экс-судьяның кабинетінен 10 мың доллар табылған соң оған қатысты «алаяқтық» бабымен іс қозғалған. Судья бұл ақша ипотекасын жабу үшін жинаған қаражаты екенін айтқан.
Жалпы, Жолманова қамауға дейін де, қамауда отырса да Алматы қаласы сотының төрағасы Асқар Смайловтың қудалауына ұшырағанын айтып келеді. Редакция Алматы қаласы сотының баспасөз қызметіне хабарласып, жауап ала алмады.
«Менің тергеуде отырғаныма екі ай болды. Ешкім менің хаттарыма жауап бермейді, қаншама хат жаздым. Мен ерекше бақылаудамын. Жақындарыма қоңырау шалуға да рұқсат бермейді. Кезінде, қаладан шықпау туралы қолхат сұралмағанның өзінде мен екі жыл болы Алматыдан ешқайда шықпаған едім. Мені қамады, менің мүлкімді алып жатыр. Мен қарыздарымнан құтыла алмай жатырмын. Балаларым мен қарт анамның жағдайы қиын. Осы видеоға жауап берулеріңізді сұраймын. Смайловтан мені өлім ғана құтқаратын сияқты. Мен өлсем Смайловтан көріңіздер», - дейді Светлана Жолманова.