Оқиға Астананың сол жағалауындағы тұрғын үйлердің бірінде болған
Астанадағы «Спорт сити» тұрғын үй кешенінде оқыс жағдай орын алды: лифтіде тұрған бейтаныс ер адам жанындағы әйелді сұрағын естімей қалғаны үшін пышақтап кете жаздады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Көршілердің чатында тараған видеоға қатысты редакция қалалық полиция департаментінен сұрау салып, оның ұсталғанын анықтады.
Ал, адам қолынан өліп қала жаздаған әйелдің айтуынша, ол құлағына наушник тағып алған. Ер адам сұрақ қойғанда естімей қалған екен. Соған ашуланса керек, әлгі ер адам ұзын пышағын алып шығып, әйелдің мойнына кезеген. Шыбын жаны шыға жаздаған әйел үйде кішкентай балам бар деп, лифті ашылғанда әрең қашып құтылған.
Видеоны жіберген адамның айтуынша, күдікті ұсталған. Оқиға бүгін, 10 желтоқсан күні түскі сағат 12.00 шамасында болған.