Оны полиция жедел түрде қолға түсірді
Астанада тұратын 35 жастағы ер адам атақты Dyson техникасын қоямын деп жалға алған қоймасына есірткі тығып келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция алдымен жігіттің көлігін тоқтатқан. Тексерген кезде Chevrolet Cobalt-тың ішінен 11 дана пакет табылған. Ал, ары қарай тінту кезінде есірткі сататын интернет дүкеннің жарнамасы табылған.
«Бұл адам Астанада техника қоятын қойманы жалға алып, ол жерге 7 келі есірткі тығып қойған. Қауіпті затты ол әлеуметтіңк желі арқылы сатқан», - деп хабарлайды дереккөз.