Оның аман қалуына полицейлер көмектесті
Бүгін, яғни 9 желтоқсан күні Атырауда Берғалиев көшесіндегі көпірде 17 жастағы жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Atyrau ONLINE телеграм каналына сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері жасөспіріммен сөйлесіп, оны бұл ойынан айнытты.
«Қазіргі уақытта жасөспірімнің мұндай әрекетке баруына себеп болған жағдайлар анықталуда. Тергеу басталды», – деп хабарлады полиция өкілдері.
Тәртіп сақшыларының жеделдігі мен кәсібилігі қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді.