$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ІІМ қыз алып қашуға заңмен тыйым салу мәселесіне қарсы ма (ВИДЕО)

Осыған дейін депутаттар ІІМ-нің қыз алып қашуға заңмен тыйым салынуына қарсы болып отырғанын жеткізген

ІІМ қыз алып қашуға заңмен тыйым салу мәселесіне қарсы ма (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скриншот

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов қыз алып қашуға заңмен тосқауыл қою туралы мәселе бойынша жұмыс тобы құрылғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі таңда тек ІІМ ғана емес, ғалымдарды да осы жұмысқа тартып жатырмыз. Заңды қабылдау бір күндік жұмыс емес. Сондықтан жан-жақты құзіретті органдармен бірлесіп, жұмыс атқарамыз. ІІМ тарапынан ешқандай қарсылық жоқ», - деді ол.

Еске салсақ, кеше Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері қыз алып қашуға заңмен тосқауыл қоюды ұсынған болатын. Алайда, депутат Еділ Жаңбыршин осы мәселені шешуге асықпай, тіпті қарсы шығып жүрген мемлекеттік органдардың барын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары