04.12.2024, 16:10
Оқиғалар
«Келіншегі бар екенін есіне салып қойыңыздаршы»: Абай Бегейдің әйелі жұбайын қырғыз әншісінен қызғанып қалды
Ол оқырмандарына өтініш білдірген
Фото: скриншот
Әнші Абай Бегейдің келіншегі, блогер Фариза Жұманова оқырмандарынан көмек сұрады. Ол жұбайын сахнадағы әріптесінен қызғанып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Блогер өзінің Instagram парақшасына Абай Бегей мен әнші қыздың дуетінен видео салып, оқырмандарына «Тақсырды мына қыздан қызғанып бара жатырмын. Коментке келіншегі бар екенін белгілеп, есіне салып қойыңыздаршы» деп өтініш білдірген.
Жұздызды дует «Үрбибі» әнін орындап шыққан.
Желі қолданушылары блогерді қолдап пікір білдірген.
Кейбірі «Тақсырдың өзінің Үрбибісі бар», «Абай мырза, өзіңіздің Үрбибіңіз бар екенін ұмытпаңыз» десе, енді бірі «Олай қосып қоюдың қажеті жоқ. Дуэт әдемі орындады. Өнер деп қарайық. Өзге ұлтқа да құрметпен қарайық», деп жазған.
Көп оқылған
01.09.2026, 10:36
Мүфтият: 2027 жылы қазақстандықтарды тек төрт компания ғана қажылыққа апара алатын болды
01.09.2026, 09:33
Алматы облысында тіс емдейтін екі емхана жалған мәліметтер арқылы МӘМС-тен ондаған млн теңге ұрлаған
01.09.2026, 13:46
Жаймашуақ күз бола ма: қыркүйек айында елімізде ауа райы қандай болады
01.09.2026, 12:06
Қазақстанда ауыл мектептерінде жасанды интеллект арқылы оқыту басталды
01.09.2026, 06:24
Алматы тұрғыны әскерге шақыру туралы жазбасы үшін жауапқа тартылды
01.09.2026, 07:17
Күздің алғашқы күні Қазақстанда жаңбыр жауып, үсік жүреді