03.12.2024, 17:12
Оқиғалар
Астананың сол жағалауында көпқабатты тұрғын үйдің пәтері өртеніп кетті (ВИДЕО)
Он алты адам эвакуацияланған
Фото: видеодан скриншот
Астананың сол жағалауында «Манхэттен» тұрғын үй кешенінің жетінші қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрт сөндірушілерге бүгін сағат 15:42-де Нұра ауданы Әнет баба көшесінің бойындағы тұрғын үйде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған.
«7-қабаттағы пәтерде жиһаз бен үй заттары жанған. ТЖМ құтқарушылары түтінді аумақтан баспалдақ маршымен 6 адамды құтқарып, 10 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ», - деп мәлімдеді ТЖ министрлігі.
Қазір өрт толығымен сөндірілген.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
16.10.2026, 14:48
Ақтауда балабақша қызметкерінің туберкулезден қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды