$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұрлаған ақшаны қайтару немесе өлім жазасы: кәсіпкерге шыққан қатаң үкім өзгерген жоқ

Чыонг Ми Лан Вьетнамның 2022 жылғы ЖІӨ-нің 3 пайызына тең қаржыны жымқырған

Ұрлаған ақшаны қайтару немесе өлім жазасы: кәсіпкерге шыққан қатаң үкім өзгерген жоқ
Фото: AP

Вьетнамда сот жылжымайтын мүлік саласында ірі алаяқтық жасаған магнат Чыонг Ми Ланға берген үкімін – өлім жазасын өзгертусіз қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі AP-ге сілтеме жасап.

Биыл сәуір айында 68 жастағы әйел мемлекеттің 12,5 млрд долларын жымқырды деп айыпталған. Бұл сома – Вьетнамның 2022 жылғы ЖІӨ-нің 3 пайызына тең. Чыонг Ми Лан 2012-2022 жылдары Van Thinh Phat жылжымайтын мүлік компаниясының басшысы болып отырған кезде, Сайгон акционерлік коммерциялық банкін заңсыз билеп-төстеп, 2500 несие берген, салдарынан банк 27 млрд доллар шығынға батқан.

Хошимин соты оның аппеляциялық өтінімін қанағаттандырудан бас тартты. Оның өлім жазасы тек бір шартпен ғана өзгеруі мүмкін: егер ол шығынның төрттен үш бөлігін, яғни 11 млрд долларды қайтарса, үкім өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауысады.

Чыонг Ми Ланның ұсталуы Вьетнамдағы ең шулы антикоррупциялық науқанның бірі болды. Оның алаяқтық ісінен кейін елдегі басқа банктер мен компанияларға да күмән туды.

Кейінгі онжылдықта Вьетнамда 2000 адам өлім жазасына кесіліп, оның 400-нің өмірі қиылған.

Серіктес жаңалықтары