Абай облысында пәтерде құлттанып қалған 6 жасар бала құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Баланың әкесі есікті өз бетінше аша алмай, құтқарушылардан көмек сұраған

Фото: t.me/qr_tjm

Абай облысында пәтерде құлттанып қалған 6 жасар бала құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Курчатов қаласы Олимпийск көшесі бойындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің бірінде пәтердің кіреберіс есігі жабылып, 6 жасар бала пәтерде қалып қойды.

«Баланың әкесі есікті өз бетінше аша алмай, құтқарушылардан көмек сұрады. Құтқарушылар үш иінді сатының көмегімен үшінші қабаттың терезесі арқылы пәтерге кіріп арнайы құралдардың көмегімен есікті ашып, баланы әкесіне тапсырды», - делінген хабарламада.