Алматы облысының өрт сөндірушілері сотта жеңілді: олар енді бір адамға 12 млн теңге төлеу керек

Автор: Темірхан Айжан

Өрт сөндірушілер оқиға орнынан 5 сағаттан кейін бір-ақ келген

Фото: freepik

Алматы облысында өрт сөндірушілердің салғырттығынан бір үй өртеніп кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2023 жылдың мамыр айында сағат 17:30 шамасында Алматы облысы, Елтай ауылының тұрғыны өрт сөндіру бөліміне телефон соғып, үйіне жақын аумақта даладағы шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлаған. Өрт сөндірушілер қоңырауға мән бермеген. Өрт орнына әкімдік өкілі жетіп, жергілікті тұрғындармен бірге өртті өздері сөндірмек болған. 

Өрт сөндіру қызметі тек түнгі сағат 22.40-та, яғни, өрт қоңырау соққан адамның үйіне жеткенде ғана қозғалған. Оған дейін үй отқа оранып, әлгі адам 11,9 млн теңге материалдық шығын тартқан. 

Ер адам Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының және Өрт сөндіру қызметінің өрт кезіндегі әрекетсіздігін заңсыз деп тану және осыған байланысты материалдық шығынды өтеуді талап етіп сотқа жүгінген.

Сот өрт сөндіру қызметінің әрекетсіздігін заңсыз деп танып, өрт сөндіру қызметін тұрғынға 11,9 миллион теңге өндіріп беруге міндеттеді.