Оқиғаны оқу-ағарту министрлігі растады
Астана маңындағы Талапкер ауылында мектептегі жеткіншек ұлдар қатарластарын ұрып-соғып, олардан ақша жинаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігі желіде тараған ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме тарата отырып, оқиға қараша айының басында болғанын хабарлады.
«Ақмола облысы білім басқармасының мәліметінше, оқиға 2 қараша күні, сағат 21:00-де үй маңында орын алған. Қазір ауылда арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккен балаға психологиялық көмек көрсетілді. Бүгінде оқушы мектепке барып жүр. Аталған факті БАҚ-та анықталғаннан кейін құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады», - деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Дереккөзге сүйенсек, қазір буллинг жасаған оқушыларды мектеп өз ішінде есепке алған.