Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлім етті
«Қазақстан Темір жолы» компаниясындағы дирекциялардың бірінде өзінің үйін салдырған құрлысшыны инженер ретінде жұмысқа қабылдаған адам 4,8 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Бұл туралы бүгін Антикордың дәстүрлі брифингісінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлім етті.
«Ол адам лауазымын асыра пайдалана отырып, өзінің үйін салдырған құрлысшыны инженер ретінде жұмысқа алған. Осылайша, оған 21 млн теңгеден астам жалақы төлеп, мемлекетке шығын келтірді. Ол 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордағы компанияларда жұмыс істеу құқығынан айырылды», - деді Бегайдаров брифингте.