Өңірде вирус жұқтырғандар саны 222 адамға жетті
Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 19 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Скринингтік тексеру барысында COVID-19 инфекциясы Түлкібас ауданының 1961 жылғы 2 тұрғынынан, 1985 жылғы 2 тұрғынынан, 1963, 1970, 1974 жылы туған тұрғындарынан, Арыс қаласының 1995 жылғы тұрғынынан анықталды. Сонымен қатар Кентау қаласының 2002 жылы туған азаматшасының вирусты жұқтырғаны да скринингтік тексеру барысында белгілі болды.
«Сонымен қатар, вирусты жұқтырғандармен жақын байланыста болған азаматтарды тексеру кезінде Арыс қаласының 1948 жылғы 2 азаматының, Сайрам ауданының 1967, 1992, 1995, 2014, 2017, 2018, 2019 жылғы тұрғындарының, Бәйдібек ауданының 1962 жылғы тұрғынының вирусты жұқтырғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр.
Олармен жақын қарым-қатынас жасаған азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны 222-ні құрап отыр, жазылып шыққандар саны — 130 адам.