ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 8 баланы сыртқа шығарды
Талғар қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде төртінші қабаттан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ қызметкерлері баспалдақ маршымен 18 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады.
Өрт 8 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккендер жоқ.