Жұмыс аптасы қысқарып, экономикасы өскен – ғалымдар зерттеу қорытындысын жариялады

Автор: Темірхан Айжан

Зерттеушілер жұмыс уақытының қысқаруы адамдарға оң әсерін тигізгенін айтады 

Фото: istockphoto.com

Исландия 2020-2022 жылдары 4 күндік жұмыс аптасын сынақтан өткізіп, оған жұмысқа қабілетті халықтың 51 пайызы қатысқан. Олардың жалақысы қысқартылмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy CNN-ге сілтеме жасап.

Жақында жарияланған зерттеу нәтижесіне сәйкес, Исландия экономикасы еуропалық елдердің ішінде озық тұр.

«Былтыр Исландия экономикасы тез қарқын алды, ал жұмыссыздық деңгейі Еуропа мемлекеттері ішінде ең төменгі орында тұр», - делінген мақалада.

Зерттеушілердің айтуынша, жұмыс уақытын азайтқан соң қызметкерлердің денсаулығы жақсарып, жұмыс пен жеке өмірлерінің арасында тепе-теңдік орнаған.

Тегтер: