Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр
2024 жылдың 25 қазанында Батыс Қазақстан облысындағы Бәйтерек ауданы, Мичурин кентінде орналасқан қойма өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға шамамен сағат 20:15-те тіркеліп, 101 жолға өрт туралы хабар түскен.
Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, ангар типтес қойма ғимаратының шамамен 300 шаршы метр аумақта өртке оранғаны анықталды. Өртке байланысты №2 деңгейлі төтенше жағдай жарияланып, қосымша күштер жұмылдырылды.
Өрт сөндірушілер жедел әрекет ету нәтижесінде тілсіз жауды толығымен ауыздықтап, өрттің әрі қарай таралуына жол бермеді. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.