$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.05.2020, 10:29
Оқиғалар

Алматыда қатты дауылдан бір түнде 19 ағаш құлады

Қалада түнде жаңбырдың айлық нормасының ¼ бөлігі жауды

Алматыда қатты дауылдан бір түнде 19 ағаш құлады

Шаһарда 14 мамырдан 15 мамырға қараған түні  21 жергілікті су басу және ағаш құлауының 19 оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Синоптиктер 14 мамырда күндіз  дауыл болып, арт нөсерге жалғ,асатыны туралы  ескерту жасаған. Осыдан кейін  қаланың барлық авариялық-құтқару қызметі  жоғары дайындықта болды. Кешке қарай  жиі су басатын учаскелерге адамдар мен су сору техникалары алдын-ала жөнелтілді, делінген Қалалық төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпараттық хабарламада. 

«Оның ішінде 3 учаскедегі алдын алу жұмыстары өз нәтижесін берді. Қалған өтініштер келіп түскен бетте жедел түрде іске асырылып отырды. Ауласына су кіріп үлгерген 15 жеке тұрғын үйді ары қарай су басу қаупіне жол берілмеді. Төрт оқиға бойынша жаңбыр суы жолдарға жайылып, екі оқиғада көппәтерлі үйлердің жертөлелесіне су аққан»,- дейді төтеншеліктер.

Қалада барлығы 21 жерде үйлердің аулалары мен көшелерді су басқан. Олардың 75 пайызы арық жүйелерінің өткізгіштігі төмен болғандықтан, қалған жағдайлар арықтардың қатты-тұрмыстық қалдықтармен бітеліп қалуынан туындағаны белгілі болды.

Күшті желден қала аумағында 8 ағаш тұраққа қойылған көліктердің үстіне құласа,  11-і жол бойына құлап, жолды жапқан. Зардап шеккендер жоқ, олар дер кезінде тазаланып, жолдардағы кептеліс жойылды. Су басу салдарын жоюға өзара әрекеттесу қызметінің 131 қызметкері, 39 бірлік техника, 9 моторлы су сорғыш жұмылдырылды.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары